«КАЗЦИНК» ЖШС-нің Мырыш зауытының жұмыскерлерімен кездесу

«КАЗЦИНК» ЖШС-нің Мырыш зауытының жұмыскерлерімен кездесу

2023 жылғы 26 желтоқсанда Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасымен, ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ ШҚО бойынша филиалымен, «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК ШҚОФ-мен, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ ШҚОФ-мен және «Мемлекеттік аннуитеттік компаниясы» ӨСК» АҚ ШҚОФ-мен «КАЗЦИНК» ЖШС-нің Мырыш зауытының жұмыскерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР азаматтарына, ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, 55 жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеген кезде зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін азаматтарға арнаулы әлеуметтік төлем енгізу туралы ақпарат айтылды.

Сөз соңында кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.