
2023 жылғы 21 маусымда Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ ШҚО бойынша филиалымен және мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасымен бірлесіп Ұлан ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің негізгі новеллалары айтылды:
1) Зейнетақы жүйесін дамыту – әйелдердің зейнеткерлік жасын арттыруды 2023 жылдан бастап 5 жылға, 61 жыл деңгейінде тоқтата тұру және ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 54% - дан 70% - ға дейін, ең жоғарыны - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін 100% - дан 120% - ға дейін кезең-кезеңімен жеткізу туралы;
2) Балалары бар отбасыларды қолдау шараларын күшейту - республикалық бюджеттен және МӘСҚ-дан бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғайту, МӘСҚ-дан жұмысынан айрылу бойынша төлем мөлшерін 40% - дан 45% - ға дейін ұлғайту;
3) Отбасының цифрлық картасын (ОЦК) енгізу.
ОЦК - азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдау түрлерін алу құқықтары туралы күнделікті "электрондық хабарлама", яғни қызмет көрсетудің белсенді форматының құралы болып табылады. Мемлекет АЖ арқылы тиісті органдарға жүгінбей-ақ мемлекеттік қолдау түрін алуды ұсынатын болады
Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.