жаңалықтар

жаңалықтар

05.05.2022 жылы сағат 10-да  Риддер қаласының ардагерлер Кеңесімен кездесу  өтті. Кездесу кезінде 2022 жылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы және әлеуметтік төлемдер мөлшерінің арттырылуы туралы және Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 12 қазандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың  жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аясында түсініктемелер берілді, атап айтқанда мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде тағайындау, мүгедектік себебіне қарамастан I топтағы мүгедектің күтімі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы түсініктемелер берілді.

Кездесу барысында қойылған сұрақтарға жауап берілді.