Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында зейнетақы жүйесін жетілдіру аясында, 01.07.2018 жылдан бастап зейнетақы қорын қалыптастыруға тікелей қатысу үшін азаматтар мен жұмыс берушілер жеткілікті табыс деңгейін қамтамасыз етуге негізделген еңбек өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін тағайындау әдістемесі енгізілген. Қолданыста болған базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 % мөлшерінде, республикалық бюджет туралы заңына сәйкес, тиісті қаржылық жылға бекітілген еңбек еткен өтіліне қарамастан тағайындалған.
Бүгінгі таңда, ең төменгі базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 % еңбек өтілі мүлдем жоқ немесе 10 жылдан кем еңбек өтілі бар азаматтарға тағайындалады. 10 жылдан артық әр жылға базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2 % көбейтіледі. Және 33 жыл және одан да көп еңбек өтілі жағдайында 100 % ең төменгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 34302 теңге мөлшерінде тағайындалады.
01.01.2021 жылдан бастап еңбек өтіліне
байланысты зейнетақы төлемінің мөлшері
|
зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі |
ең төменгі күнкөріс деңгейінің пайыздық қатынасы |
01.01.2021 жылдан бастап бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері |
базалық зейнетақы төлемінің мөлшерінің |
|
10 жыл және одан да аз |
54% |
34 302 |
18 524 |
|
11 жыл |
56% |
34 302 |
19 210 |
|
12 жыл |
58% |
34 302 |
19 896 |
|
13 жыл |
60% |
34 302 |
20 582 |
|
14 жыл |
62% |
34 302 |
21 268 |
|
15 жыл |
64% |
34 302 |
21 954 |
|
16 жыл |
66% |
34 302 |
22 640 |
|
17 жыл |
68% |
34 302 |
23 326 |
|
18 жыл |
70% |
34 302 |
24 012 |
|
19 жыл |
72% |
34 302 |
24 698 |
|
20 жыл |
74% |
34 302 |
25 384 |
|
21 жыл |
76% |
34 302 |
26 070 |
|
22 жыл |
78% |
34 302 |
26 756 |
|
23 жыл |
80% |
34 302 |
27 442 |
|
24 жыл |
82% |
34 302 |
28 128 |
|
25 жыл |
84% |
34 302 |
28 814 |
|
26 жыл |
86% |
34 302 |
29 500 |
|
27 жыл |
88% |
34 302 |
30 186 |
|
28 жыл |
90% |
34 302 |
30 872 |
|
29 жыл |
92% |
34 302 |
31 558 |
|
30 жыл |
94% |
34 302 |
32 244 |
|
31 жыл |
96% |
34 302 |
32 930 |
|
32 жыл |
98% |
34 302 |
33 616 |
|
33 жыл және одан да көп |
100% |
34 302 |
34 302 |
Базалық зейнетақы төлемін тағайындау кезінде жасына байланысты еңбек өтілі есепке алынады (яғни, 01.01.1998 жылға дейінгі еңбек өтілі) және жинақтаушы еңбек өтілі (01.01.1998 жылдан кейінгі айлар мен жылдары есептелген, міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер бойынша).
Жасына байланысты зейнетақы төлемін есептеу үшін жалпы еңбек өтіл еңбек кітапшасымен расталады. Еңбек кітапшасы жоқ болған және жарамсыз болған жағдайда, еңбек кітапшасында қажетті жазбалардың болмағанында, құжатты түзету білінсе, нақтылық болмағанда, әртүрлі оқылса еңбек өтілі жұмыс туралы ақпаратты растайтын құжаттар (мұрағаттық анықтамалар,мемлекеттік немесе ведомстволық мұрағаттардың уәкілетті қызметкерінің электронды сандық қолымен расталған мұрағаттық құжаттардың электрондық көшірмелері) негізінде тағайындалады.
Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең орталықтандырылған дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы мәліметтермен расталады.
Міндетті зейнетақы жарналары толық және уақтылы аударылмаған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарын (олардың болуына қарай) жүзеге асыру кезеңдері міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер өтініш беруші еңбек өтілін растайтын құжаттарда көрсетілген еңбек қызметінің кезеңдеріне сәйкес келсе, міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің (құқықтық мирасқордың) немесе архивтік мекеменің растау анықтамасы, міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңдерін растайтын сот шешімімен расталады.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеген кезде жеке практикамен айналысатын адамдардың, сондай-ақ нысанасы жұмысты (қызмет көрсетуді) орындау болып табылатын, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың, сондай-ақ өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған дара кәсіпкерлердің және шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары және мүшелерінің (қатысушыларының) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезеңі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті салық кезеңіне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының кемінде жылдық сомасын аударған жағдайда бір жылға тең болады.
Егер көрсетілген адамдар енгізген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы тиісті салық кезеңіне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының жылдық сомасынан аз болса, онда міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезең енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасына пропорционалды түрде айқындалады.
Мысалы:
1) 2003 жылы жеке кәсіпкер 1 төлем түбіртегімен 6200 теңге көлемінде міндетті зейнетақы төлемдерін төлеген. «2003 жылға республкалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген ең төменгі жылдық табыс 5000 теңге мөлшерінде бекітілген, төленуге тиісті міндетті зейнетақы жарнасы 6000 теңге. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 2003 жыл толық қамтылады.
2) 2012 жылы жеке кәсіпкер 1 төлем түбіртегімен 1500 теңге мөлшерінде міндетті зейнетақы төлемдерін төлеген. «2012-2014 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» №496-IV 24.11.2011 жылғы ҚР заңын ескере отырып, 01.01.2012 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 17439 теңге мөлшерінде бекітілген, жылдық төленуге тиісті міндетті зейнетақы төлемі 20927 теңге, тиісінше, зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне 2012 жылдың 8 айы есепке алынатын болады.
Сонымен қатар, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне:
1) жұмыс істемейтін ананың немесе әкенің жас балаларды бағып-күткен уақыты (расымен де жас баланы бағып күткен болса), бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт;
2) 16 жасқа дейiнгi мүгедекке күтiм жасаған уақыт;
3) арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет;
4) арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет;
5) бұрынғы кеңестік мекемелердiң, Қазақстан Республикасы мекемелерi мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi зайыбының (жұбайының) шетелде тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңi;
6) 01.01.1998 жылдан кейінгі «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында;
7) басқа адамның көмегіне мұқтаж бiрiншi топтағы мүгедекке, екiншi топтағы жалғызiлiктi мүгедекке және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамдарға күтiм жасаған уақыт;
8) I және II топ мүгедектігі бар, егер мүгедектік мерзімі шексіз мерзімге тағайындалған жеке тұлғалардың еңбек өтілі біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы төлемдері өз өтінішіне байланысты еңбек өтілі. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған кезеңдер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдер аударылған жағдайда есепке алынатын болады.
Осылайша, зейнетақы төлемдерін тағайындауға құқық беретін зейнетақы жасына толғанда жасына байланысты еңбек өтілі 25 жыл болса, және 100000 теңге мөлшерінде орташа табыс ұсынылған жағдайда ер адамға зейнетақы мөлшері 60000 теңгені құрайтын болады. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңында атап айтылғандай, жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде ер адамдарға 63 жасқа толғанда, 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың 60 % мөлшерiнде 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық табыс негiзге алына отырып жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, 01.01.1998 жылдан кейін міндетті зейнетақы жарнасының төленуі орталық база деректерінде дәлелденген жағдайда, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері мысалы, 7 жыл 33616 теңгені құрайды, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты 98 % күнкөріс деңгейін құрайтын болады. (жасына байланысты еңбек өтілі 01.01.1998 жылға дейінгі расталғаны 25 жыл+ жинақтаушы өтіл 7 жыл зейнетақы жарналарымен расталған).
Зейнетақы төлемінің жалпы мөлшері 93616 теңге (60 000 теңге жасына байланысты зейнетақы+ 33 616 теңге базалық зейнетақы төлемі).
Қосымша хабарлаймыз, Шығыс Қазақстан облысы көлеміндегі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін алушылардың саны 230 969 адам.