Меню

Страницы

Статья

Ана мен баланы қорғау- 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеушілерге жәрдемақы тағайындау

Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы N 63  Заңы бойынша  мүгедек баланы тәрбиелеуші әкесіне немесе шешесіне, асыраушысына, қамқоршысына ай сайын мемлекеттік жәрдемақы тағайындау қарастырылған.

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 13.04.2005 жылғы №39 Заңының 1 бабына сәйкес,  мүгедек бала - организм функциялары тұрақты бұзылып,  тіршілік-тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан денсаулығы бұзылған он сегіз жасқа толмаған адам болып саналады.

         Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тұрғылықты мекен-жайы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" бөлімшесіне

өтініш берілген күннен бастап мүгедектік туралы анықтамада көрсетілген баланың барлық мүгедектік кезеңіне тағайындалады.

          Мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны "электрондық үкіметтің" веб-порталымен өтініш жасау арқылы тағайындауға болады.     

    Балаға мүгедектік бастапқыда алғаш рет белгіленген кезде өтініш беруші мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындау үшін тұрғылықты жеріндегі медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесінде өтініш жасауға құқылы.      Жеке өзінің өтініш жасау мүмкіндігі болмаған жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен берілген сенімхат негізінде жәрдемақылар тағайындау туралы өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.

     Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасыларға жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгiлеу туралы шешiм қабылданған күннен бастап тағайындалады.

      Отбасында екі және одан көп мүгедек бала тұрып жатқан жағдайда,  жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады.

        2021 жылдың 1-ші қаңтарынан  жәрдемақының көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,04 мөлшерін немесе 48023 теңгені құрайды.

        Жәрдемақыны  төленуін тоқтату үшін келесі жағдайлар негіз болып табылады:     

           1)      баланың қайтыс болуы;  

           2)      баланы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру;

      3) өтініш берушінің жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соққан анық емес мәліметтер ұсынуы;

       4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету.

Дата публикации
27 марта 2021
Дата обновления
27 марта 2021
Тип
Әлеуметтік қамсыздандыру

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы