Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
33-қосымша
Ескерту. 36-қосымшаның жоғарғы оң жақтағы бұрышы жаңа редакцияда –
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.12.2017 № 446 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы
жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы
жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Бұйрық стандартпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 04.07.2017 № 190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызметті проактивті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті тағайындау мерзімі Заңның 11-бабы 1-тармақшасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған күні инфляция деңгейі туралы ақпарат болған кезде базалық зейнетақы төлемі тағайындалған күннен кейінгі күннен, бірақ Заңның 11-бабы 1-тармақшасына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған күніне инфляция деңгейі туралы ақпарат болмаған кезде оны тағайындаған күннен кейінгі күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей басталады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
ұсынылған құжаттардың дәйектілігін тексеру үшін негіз болған кезде, оның ішінде ақпараттық жүйелерден - 10 (он) жұмыс күніне;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында инфляция деңгейі туралы ақпарат болмаған кезде - 25 (жиырма бес) жұмыс күніне дейін (проактивті қағидат бойынша қызмет көрсетілетін адамдарды қоспағанда);
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (бұдан әрі - БЖЗҚ) көрсетілетін қызметті алушының жеке зейнетақы шоты бойынша мәліметтерді қайта сұрату үшін негіз болған кезде - 25 (жиырма бес) жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі қызмет көрсету мерзімін ұзартады және өтініш берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызмет көрсету мерзімін ұзарту қажеттігі туралы хабарлама береді.
Проактивті қағидат бойынша қызмет көрсетілген кезде қызмет көрсету мерзімін ұзарту қажеттігі туралы хабарлама берілмейді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қабылдау "электрондық кезек" тәртібімен, көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Заңның 11-бабы 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған және бұл ретте зейнетақы мен өзге де әлеуметтік төлемдер алушылар болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар осы тармақтың үшінші бөлігі 1)-3)-тармақшаларында көзделген өтініш пен құжаттарды ұсынбайды. Адамдардың осы санатына мемлекеттік қызмет проактивті қағидат бойынша осы Стандарттың 5-тармағында белгіленген мерзімде көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау кезінде жеке басты куәландыратын құжат туралы, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы, мүгедектік туралы анықтаманың мәліметтері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі - ақпараттық жүйелер) арқылы алынады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке:
жеке жүгінген кезде:
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін:
1) жеке басты куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдiктің тұруға ықтиярхаты);
2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын
құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы,
Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);
3) алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашқан банк шотының нөмірі туралы мәліметтер қоса беріледі.
Айырма төлеміне құқығы бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының алушылары болып табылатын шетелдіктердің өтінішіне:
алушы өзі жүгінген кезде:
егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік паспорт (сенім білдірілген адам жүгінген жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі);
екінші деңгейдегі банктерде немесе Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер қоса беріледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірілген адамның мүдделерін бір уақытта бірнеше ұйымда білдіру өкілеттіктері қамтылса) ұсынады.
Мұрагер:
1) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) жеке басты кәуландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) айырма төлеміне құқығы бар адамның қайтыс болуы туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесін;
4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін, заңды күшіне енген сот шешімін;
5) мұрагердің банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді ұсынады.
Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған және қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға айырма төлемін тағайындау үшін олардың қамқоршылары немесе қорғаншылары:
1) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
2) қамқоршының немесе қорғаншының жеке басын куәландыратын құжатты (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);
3) қамқоршылықтың немесе қорғаншылықтың белгіленгенін растайтын құжатты;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік корпорация қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушының өтінішінде көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген мобильді телефонына sms-хабар жіберу арқылы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.11.2018 № 516 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.
3 -тарау. Орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің
және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және
(немесе) қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.
Қызмет көрсету кезінде қызметкер дөрекілік көрсеткен жағдайда шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорацияның кеңсесіне қолма-қол және почта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелгені болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады).
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
4 -тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетіндердің ерекшеліктері ескерілген өзге де
талаптар
1) Министрліктің www.enbek.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
"Инфляцияның деңгейін ескере
отырып, нақты енгізілген
міндетті зейнетақы
жарналарының, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарының
сомасы мен зейнетақы
жинақтарының сомасы
арасындағы айырма төлемі"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Қызмет көрсету мерзімін ұзарту қажеттігі туралы
№ ______ хабарлама
____________________________________________________________________
(төлемнің түрі)
20 ___ жылғы "___" __________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________
Өтініш берушінің туған күні, айы, жылы_________________________________
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бөлімшесі
Сіздің назарыңызға күнтізбелік _________________ күн ішінде
____________________________________________________________________
(ұзарту себебін көрсету)
ұзарту қажеттігін жеткізеді.
____________________________________________________________________
Хабарлама жауапты адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылды
____________________________________________________________________
(жауапты адамның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
"Инфляцияның деңгейін ескере
отырып, нақты енгізілген
міндетті зейнетақы
жарналарының, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарының
сомасы мен зейнетақы
жинақтарының сомасы
арасындағы айырма төлемі"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Аудан коды ______________
Қазақстан Республикасы
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ______________ облысы (қаласы) бойынша департаменті
Өтініш
Азамат (ша) _________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық)
Туған күні 19____ жылғы "___" _____________,
_______________________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын.
Зейнетақы жинақтарын алып қою күні __________________________________
Менің жеке сәйкестендіру нөмірім _____________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың деректері:
№_________________________________________________________________
Кім берген _________________________________________________________
Берген күні ________________________________________________________
Банк деректемелері: _________________________________________________
Банктің атауы ______________________________________________________
Банк шотының № ___________________________________________________
Шот түрі: ағымдағы _________________________________________________
Маған инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету – қажеттінің астын сызу қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындауды сұраймын.
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы үшін жауапкершілікте боламын.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету - қажеттінің астын сызу қажет) есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді сұратуды өтінемін.
Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету - қажеттінің астын сызу қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы қабылданған шешім жөнінде ұялы телефонға sms-хабар жіберу жолымен хабарлауға келісім беремін.
Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен (немесе) әлеуметтік төлемдерді есепке жатқызуға арналған жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейтіні туралы хабардар етілдім.
Өтініш берушінің байланыс деректері:
үй телефоны _________ ұялы телефон ___________ Е-маil ________ өтініш берілген
күн: 20___ жылғы "____" ____________________
Өтініш берушінің қолы ___________________
Азамат (ша) ___________________________________________ өтініші 20___ жылғы "___" _______________ № ____ қабылданды,
құжатты қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:
_______________________________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
|
Р/с |
Құжаттың атауы |
Құжаттағы парақтар саны |
Ескертпе |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
----------------------------------------------------------------------------------------------------
(қию сызығы)
Азамат (ша) ______________ өтініші № __________ болып тіркелді.
Құжаттарды қабылдаған күн _____________________
Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:
__________________________________________________________
"Инфляцияның деңгейін ескере
отырып, нақты енгізілген
міндетті зейнетақы
жарналарының, міндетті кәсіптік
зейнетақы жарналарының
сомасы мен зейнетақы
жинақтарының сомасы
арасындағы айырма төлемі"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
Тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы
№ ____ ҚОЛХАТ
_____________________________________________________________________
(жарналар түрін көрсету)
20 ___ жылғы "___" ___________
Азамат (ша) ____________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні ____ жылғы "____" ________________
Қамқоршы _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Өтініш берген күні 20 ___ жылғы "___" ___________ № _____________________
_____________________________________________________________________
Құжаттар топтамасын толық ұсынбауына не (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуына, айырма төлемін тағайындауға құқығының болмауына байланысты тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тартылды
_____________________________________________________________________
(жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және лауазымы).