Департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Қ.М. Айдархан жаңадан қабылданған бас мамандармен кездесу өткізіп, мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары мен қызметтік әдеп талаптарын түсіндірді.
Кездесу барысында «Заң мен тәртіп» қағидаты, адалдық, жауапкершілік, мүдделер қақтығысының алдын алу және әлеуметтік желілерді пайдалану мәдениеті мәселелері талқыланды.
Заңдылық, адалдық және жауапкершілік — мемлекеттік қызметтің басты қағидаттары!
#ЗаңМенТәртіп #МемлекеттікҚызмет #ҚызметтікӘдеп
Бүгін мүгедектік белгіленгеннен кейін мемлекет тарапынан көзделген қолдау шараларын алу үшін не істеу қажет деген маңызды сұрақты қарастырамыз.
Біріншіден. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақының тағайындалғанын нақтылаңыз. Егер мүгедектік алғаш рет белгіленсе, төлемнің проактивті форматта тағайындалғанын немесе қосымша өтініш беру қажеттігін анықтау маңызды. Егер өтініш беру қажет болса, оны электрондық үкіметтің eGov.kz порталы арқылы немесе ХҚКО-ға жүгіну арқылы жасауға болады.
Мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек, адам еңбекке қабілеттілігінен айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қосымша әлеуметтік төлем алуға құқылы болуы мүмкін. Бұл төлем бұрын, мысалы, жұмыс істеген кезеңде өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген адамдарға белгіленген шарттар сақталған жағдайда тағайындалады.
Екіншіден. Оңалтудың жеке бағдарламасына (ОЖБ) назар аударыңыз. Онда қажетті оңалтудың техникалық құралдары мен әлеуметтік қызметтер қарастырылуы мүмкін. Мысалы, мүгедектер арбасы, есту аппараты және басқа да құралдар адамның жеке қажеттіліктері мен медициналық көрсетілімдеріне қарай ұсынылады.
Үшіншіден. Өзіңізге қандай әлеуметтік қызметтер тиесілі екенін анықтаңыз. Тиісті негіздер болған жағдайда, жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтері және басқа да қолдау шаралары ұсынылуы мүмкін.
Өз құқықтарыңызды біліңіз және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мүмкіндіктерін пайдаланыңыз!
Бүгін біз өз ісіне адалдық танытып, ұзақ жылдар бойы халықты әлеуметтік қорғау саласында абыройлы еңбек етіп келе жатқан әріптесіміз — Ұлытау облысы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын реттеу және бақылау комитеті департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Алмагүл Мұратқызы Байменова туралы әңгімелегіміз келеді.
Алмагүл Мұратқызының әлеуметтік саладағы еңбек жолы 1997 жылы басталды. Ол еңбек жолын Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Ұлытау ауданы бойынша бөлімшесінде бастап, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласында кәсіби тәжірибе жинақтады.
2004 жылы Жезқазған қаласындағы Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының бөлімшесінде қызметін жалғастырып, сектор меңгерушісінен бөлім басшысына дейінгі жауапты қызметтерді атқарды. Осы кезеңде зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау бағытында мол тәжірибе жинап, өзінің кәсіби біліктілігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен және жауапкершілігімен ерекшеленді. Сонымен қатар көптеген жас мамандарға үлгі болып, олардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына қолдау көрсетті.
2022 жылы Ұлытау облысының құрылуына байланысты Алмагүл Мұратқызы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында әлеуметтік төлемдер басқармасының басшысы қызметін атқарды. Ал 2023 жылдан бастап Ұлытау облысы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы аумақтық департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы ретінде еңбек етіп келеді.
Бүгінде ол Ұлытау облысы тұрғындарына республикалық бюджет қаражаты есебінен зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету бағытындағы маңызды міндеттерді атқарып келеді.
Әрбір әлеуметтік төлемнің, әрбір тағайындалған жәрдемақының және әрбір азаматтың өтінішінің артында үлкен жауапкершілік пен қажырлы еңбек жатыр. Себебі бұл жұмыстың түпкі мақсаты — азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету, олардың заңды мүдделерін қорғау және мемлекеттік қолдаудың уақтылы көрсетілуіне ықпал ету.
Зейнеткерлер, отбасылар және өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар үшін әлеуметтік төлемдердің маңызы зор. Сондықтан бұл салада кәсіби білім мен мол тәжірибемен қатар, мұқияттылық, әділдік, жауапкершілік және әрбір адамға құрметпен қарау ерекше мәнге ие.
Алмагүл Мұратқызының бүкіл кәсіби жолы халықты әлеуметтік қорғау саласымен тығыз байланысты. Оның көп жылғы еңбегі, жинақтаған тәжірибесі мен өз ісіне деген адалдығы — халық игілігі жолындағы табанды қызметтің айқын көрінісі. Ол өз қызметі арқылы әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне және азаматтарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетілуіне үлес қосып келеді.
Осындай білікті мамандардың еңбегі — әлеуметтік қорғау саласының маңызды тірегі. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби ұстанымын берік сақтаған қызметкерлердің тәжірибесі жас мамандар үшін де өнеге.
Алмагүл Мұратқызына көп жылғы адал еңбегі, кәсібилігі және халыққа қызмет ету жолындағы жауапкершілігі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге табыс, абыройыңызға биіктік тілейміз!
Халық игілігі жолындағы еңбегіңіз жемісті болып, мерейіңіз әрдайым үстем болсын.
Ізгі еңбегіңіз, жанашырлығыңыз, мейірімділігіңіз және өз ісіңізге деген адалдығыңыз үшін алғыс айтамыз!
🌷 Әлеуметтік қызметкер күні құтты болсын!
#ӘлеуметтікҚызметкерКүні #ӘлеуметтікҚорғау #ҰлытауОблысы #БіздіңМамандық
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы «Сәтбаев қаласының емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Осыған байланысты мекемеге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сәтпаев қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 513 750 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Мұндай шаралар мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғауға, олардың қоғамдық нысандарға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған.
#ҚолжетімдіОрта #МүмкіндігіШектеуліЖандар #ИнклюзивтіҚоғам #ӘлеуметтікҚорғау
2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.
Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтары, заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттары, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік кепілдіктері бекітілген.
Конституцияның негізгі ережелерімен ақпараттық буклеттен танысуға болады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы И.В. Скуб Ұлытау облысының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында И.В. Скуб арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың тұру жағдайларымен, стационарлық қызмет көрсетуді ұйымдастырумен, сондай-ақ мекемеде тұратын азаматтарға тиісті күтім мен қолдау көрсетуді қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты.
Орталықта тұрақты күтім мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін мүгедектігі бар адамдар мен қарт азаматтар стационарлық жағдайда тұрады. Сапар барысында қолайлы әрі қауіпсіз тұрмыс жағдайларын жасау, арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылардың құқықтарын сақтау, көрсетілетін қызметтердің сапасы және олардың күнделікті өмірін ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру және әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Тұрғындардың лайықты өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеу және көрсетілетін көмектің сапасын арттыру халықты әлеуметтік қорғау саласындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Департаменттің жұмыс жағдайларымен танысу.
Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Комитет төрағасы Департамент қызметкерлерінің еңбек жағдайларымен, жұмыс орындарының ұйымдастырылуымен және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен танысты.
Кездесу барысында ұжымның тиімді жұмыс істеуі және халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуі үшін қажетті жағдайлар жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ұлытау облысына жұмыс сапары.
Ұлытау облысына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы И.В. Скуб жұмыс сапарымен келді.
Сапар аясында Департамент ұжымымен кездесу өтіп, қызметтің өзекті мәселелері мен 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін өзгерістер талқыланды. Комитет төрағасы қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, алдағы жаңашылдықтар бойынша түсініктеме берді.
Кездесу ашық диалог және пікір алмасу форматында өтті
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп, Қаражал қаласының, Жәйрем және Шалғынский кенттерінің әкімдерімен, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдерімен көшпелі кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі тақырыбы халықты әлеуметтік қолдаудың жаңа жүйесінің негізі болатын атаулы қолдау моделіне көшу мәселесі болды.
Кездесу барысында қатысушыларға жаңа модельді қалыптастыру қағидаттары, сондай-ақ азаматтардың нақты әл-ауқат деңгейін бағалау тәсілдері жан-жақты түсіндірілді. Отбасылардың нақты материалдық жағдайын ескере отырып, олардың әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын айқындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар қатысушылар азаматтардан келіп түсетін өзекті мәселелерді талқылап, атаулы қолдау моделін енгізуге қатысты өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша түсініктемелер алды.
Қызмет алушыдан маманға алғыс.
Қызмет алушы маманға кәсібилігі мен жылы қарапайым түсіндіргені үшін шынайы алғысын білдіреді.
«Маған көрсеткен қолдауыңыз бен көмегіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын! Өз ісіңізге деген жауапкершілігіңіз, адамгершілігіңіз бен жанашырлығыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Еңбегіңіз жемісті болып, әрдайым абырой биігінен көріне беріңіз!»