Меню

Страницы

Статья

Азаматты жеке қабылдау

2026 жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қ.М. Айдархан азаматты жеке қабылдады.

Қабылдау барысында азаматтың арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау мәселесіне қатысты өтініші қаралды.

Азаматқа қолданыстағы заннама талаптарына сәйкес арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындаудың негізгі шарттары түсіндірілді. Атап айтқанда:

55 жасқа толу;

зиянды еңбек жағдайларындағы жұмысты тоқтату немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысу;

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (ОППВ) кемінде 84 ай (7 жыл) төленуі.

Сонымен қатар, арнаулы әлеуметтік төлемнің төлем көздері мен оны тағайындау тәртібі бойынша толық ақпарат берілді.

🤝 Ұлытау облысы бойынша департамент азаматтардың еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған жеке қабылдауларды және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді.

Дата публикации
26 августа 2026
Дата обновления
26 августа 2026
Тип

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы