Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі 2025 жылы бақылау және қадағалау бағытында жоспарланған жұмыстарды толық көлемде орындады.
2025 жылға 20 нысанға қатысты жоспарлы тексеру жоспарланып, олардың барлығы 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін толық аяқталды. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде бұзушылықтарды жою туралы 18 нұсқама енгізілді.
Сонымен қатар, 22 нысанға жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Оның ішінде:
-2 тексеру – 2024 жылы берілген нұсқамалардың орындалмауына байланысты;
-7 тексеру – жеке тұлғалардың өтініштері негізінде;
-1 тексеру – Қаражал қаласы әкімдігінің қызметтік хаты негізінде;
-12 тексеру – Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі қызметтік хаты негізінде жүргізілді.
2024 жылы берілген нұсқамалардың орындалуын тексеру мақсатында 2 колледжге қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды. Нәтижесінде жалпы сомасы 668 440 теңге көлемінде айыппұл салынып, толық өндірілді.
Жеке тұлғалар арыздары негізінде 5 рет жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабының 1-бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес әкімшілік хаттама жасалып, 727 420 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұл белгіленген мерзімде төленді.
Сонымен қатар, жеке тұлғаның арызы негізінде екі кәсіпкерлерге қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік хаттама жасалып, 334 220 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Айыппұл белгіленген мерзімде төленді.
Заңды тұлғаның арызы бойынша бір жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік хаттама жасалып, 786 400 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Заңды тұлғаның хаты негізінде 11 мекемеге қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Нәтижесінде 8 мекемеде тексеру барысында анықталған бұзушылықтар жойылып, тексерулер жабылды.
Ал 3 мекемеге қатысты тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік хаттамалар жасалып, жалпы сомасы 668 440 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
2025 жылы жүргізілген бақылау іс-шаралары нәтижесінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында тиісті шаралар қабылданды.