Функционалдық міндеттерге сәйкес Департаменттің қызметінің негізгі бағыттарының бірі республикалық бюджет қаражатынан зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау болып табылады.
Барлығы Департаментпен әлеуметтік төлемдердің 34 түрі тағайындалады:
|
№ |
Төлем түрлері |
||
|
1 |
Жасына байланысты зейнетақы төлемі |
||
|
2 |
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі |
||
|
3 |
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы |
||
|
4 |
Асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы |
||
|
5-6 |
Мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар (№1Тізім, №2 Тізім) |
||
|
7 |
Бала тууына байланысты мемлекеттік жәрдемақы |
||
|
8 |
Бала бiр жарым жылға толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты мемлекеттік жәрдемақы |
||
|
9 |
Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақы |
||
|
10 |
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға арналған мемлекеттік жәрдемақы
|
||
|
11 |
Мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы |
||
|
12 |
Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы |
||
|
13 |
Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер |
||
|
14 |
Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу |
||
|
15 |
Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алушылардың пайдасына қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау |
||
|
16 |
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік өтемақы |
||
|
17 |
Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу |
||
|
18 |
Зейнетақы төлемдерін, №1 және 2 Тізім бойынша мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік жәрдемақы алушыларды жерлеуге берілетін біржолғы төлем |
||
|
|
|
1. Ұлы Отан соғысының ардагерлері |
|
|
|
|
2. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері |
|
|
|
3. Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар |
||
|
|
|
4. Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар |
|
|
|
|
5. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлері |
|
|
19-34 |
|
6. Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбіт уақытта әскери қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары; Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары |
|
|
|
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар
|
7. Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) |
|
|
|
|
8. Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері, "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағына ие болған адамдар |
|
|
|
|
9. "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдар |
|
|
|
|
10. "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдар |
|
|
|
|
11. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар |
|
|
|
|
12. 1988–1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдар |
|
|
|
|
13. ҚР Әлеуметтік Кодекстің 177-бабының 8 тармағында көзделген жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар. |
|
|
|
|
14. Саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдар |
|
|
|
|
15. Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар жатады |
|
Төлемдерді тағайындау мемлекеттік қызметтер шеңберінде жүргізіледі және "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы, "Электрондық үкімет" веб-порталы, Halyk Bank және Kaspi Bank мобильдік қосымшалары, мүгедектікті алғашқы белгілеу кезінде медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелері, сондай - ақ sms-құлақтандыру арқылы проактивті форматта көрсетіледі.
Проактивті форматтағы төлемдерді тағайындау барлық қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың дерекқорынан алынған кезде көрсетілетін қызметті алушының қатысуынсыз қызметтерді алуға мүмкіндік береді.
Мұндай формат қызметтерді кез келген уақытта алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу маңызды. Бұл ретте азаматтардың мемлекеттік органдарға қызмет алу үшін жүгіну қажеттілігі алынып тасталады. Процесті мемлекет бастайды.
2018 жылдың қазан айынан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша композиттік қызмет енгізілді. Енді зейнет жасына толған қызмет алушылар барлық 3 қызметке бір өтініш береді, барлық төлемдер бір шотқа және бір күнде төленеді. Бұл ретте МЗЖ сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдікті төлеу проактивті форматта жүргізіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 14, олардың барлығы мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген.