2026 жылғы наурыз айында зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер

       Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен 2026 жылдың наурыз айында мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген 13 түрлі мемлекеттік қызмет бойынша 1053 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  1. жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау – 145;
  2. мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау – 167;
  3. мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау – 43;
  4. асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау – 11;
  5. арнайы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау – 15;
  6. бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау – 263;
  7. мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушысына, қамқоршысына (қорғаншысына) берілетін жәрдемақыны тағайындау – 15;
  8. І топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауға байланысты жәрдемақыны тағайындау – 10;
  9. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» I және II дәрежелі ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау – 16;
  10. көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны тағайындау – 49;
  11. жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау – 106;
  12. арнайы кәсіби мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау – 23;
  13. нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының инфляция деңгейін ескере отырып сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу –

 

 

Дата публикации
09 апреля 2026