2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша есеп

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен (бұдан әрі – бөлім) 2025 жылы мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген 15 түрлі мемлекеттік қызмет бойынша 13604 қызмет көрсетілді, оның ішінде 12881 қызмет тағайындалды:

  1. жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау – 1887;

  2. мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау – 2202;

  3. мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау – 545;

  4. асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау – 204;

  5. арнайы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау – 169;

  6. бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау – 3710;

  7. мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушысына, қамқоршысына (қорғаншысына) берілетін жәрдемақыны тағайындау – 181;

  8. І топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауға байланысты жәрдемақыны тағайындау – 143;

  9. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» I және II дәрежелі ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау – 123;

  10. көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны тағайындау – 659;

  11. жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау – 1318;

  12. арнайы кәсіби мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау – 249;

  13. нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының инфляция деңгейін ескере отырып сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу – 1487;

  14. саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ЕДК – 2;

  15. Семей ядролық сынақ полигонындағы (СИЯП) ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге арналған ЕДК – 2.

«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 112 (оның ішінде тағайындаудан бас тартылғаны – 3):

  1. мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау – 1;

  2. мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау – 8;

  3. асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау – 11;

  4. бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау – 53;

  5. көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны тағайындау – 14;

  6. жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау – 24;

  7. СИЯП бойынша ЕДК тағайындау – 1.

Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 6678 (оның ішінде тағайындаудан бас тартылғаны – 12):

  1. жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау – 1889;

  2. мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау – 2203;

  3. мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау – 384;

  4. асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау – 189;

  5. арнайы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау – 126;

  6. бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау – 174;

  7. мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушысына, қамқоршысына (қорғаншысына) берілетін жәрдемақыны тағайындау – 86;

  8. І топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауға байланысты жәрдемақыны тағайындау – 143;

  9. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» I және II дәрежелі ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау – 20;

  10. көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны тағайындау – 108;

  11. жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау – 1293;

  12. арнайы кәсіби мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау – 60;

  13. саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ЕДК – 2;

  14. СИЯП бойынша ЕДК тағайындау – 1.

Ақпараттық жүйелер арқылы қызмет алушыларға электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 6814.

Дата публикации
17 марта 2026