Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің Картограммасы
2025 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша
|
№ п/п |
Қызмет саласы (бағыты)
|
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау себептері мен жағдайлары
|
Тәуекелдерге бейім лауазымдар (құрылымдық бөлімшелер)
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды жою бойынша қабылданған шаралар
|
Нәтиже (күтілетін/қол жеткізілген) |
|
1 |
Зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік төлемдер
|
Төлемдерді тағайындау, тоқтата тұру немесе тоқтату кезінде нормаларды әртүрлі түсіндіру және біркелкі емес шешімдер қабылдау тәуекелі.
|
Жекелеген нормалардағы олқылықтар мен екіұштылық; жеке кәсіпкерлердің еңбек өтілі мен кірістерін тексеру қажеттілігі; ведомствоаралық жекелеген процестерді автоматтандыру деңгейінің жеткіліксіздігі; алушылар туралы мәліметтерді уақтылы жаңартпау тәуекелі.
|
Зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімі; құжаттарды тексеруге және төлемдерді тағайындауға қатысатын мамандар.
|
Комитетке ұсыныстар жолданды.
|
Субъективті көзқарас пен негізсіз төлемдер ықтималдығын төмендету; рәсімдердің бірізділігі мен ашықтығын арттыру. |
|
2 |
Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС)
|
Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін айқындау критерийлерін субъективті түсіндіру және куәландыру кезінде әртүрлі тәсілдерді қолдану тәуекелі.
|
Қағидаларда көзделген жекелеген критерийлерді қолданудағы екіұштылық; кәсіптік ауруларды қоса алғанда, жекелеген санаттар бойынша куәландыруды бетпе-бет өткізу; кадрлардың толық жасақталмауы және шағымдарды қарау кезінде мүдделер қақтығысының туындау тәуекелі |
Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі; куәландыруға және қабылданған шешімдерді қайта қарауға қатысатын мамандар.
|
Комитетке ұсыныстар жолданды.
|
МӘС шешімдерінің объективтілігін арттыру; даулы шешімдер мен шағымдар санын азайту; комиссия құрамына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және мүдделер қақтығысының алдын алу.
|
|
3 |
Бақылау және қадағалау қызметі |
Тексерулер жүргізу кезінде бақылау рәсімдерін әркелкі қолдану және субъективті пайымдауларға жол беру тәуекелі. |
Нұсқамаларды орындау мерзімдерін айқындаудың бірыңғай критерийлерінің болмауы; әкімшілік жауаптылық субъектісін айқындау және жекелеген нормаларды қолдану кезіндегі екіұштылық; қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша кейінгі бақылаудың жекелеген стандарттарының, тексеру парақтарының және рәсімдерінің жеткіліксіздігі. |
Бақылау және қадағалау бөлімі; тексерулер жүргізуге және олардың нәтижелерін ресімдеуге қатысатын лауазымды тұлғалар. |
Комитетке ұсыныстар жолданды. |
Мүдделер қақтығысының алдын алу; рәсімдік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету; шағымдарды қараудың объективтілігіне деген сенімді арттыру. |
|
4 |
Кадр жұмысы және шағымдарды қарау
|
Бұрын өзі қатысқан шешімге қатысты шағымды қарау кезінде мүдделер қақтығысының туындау тәуекелі.
|
МӘС бойынша бекітілген штат саны МӘС қағидаларының 17-тармағына сәйкес келмейді, кворум жоқ. |
МӘС бөлімшелерінің бастапқы шешімді қабылдауға және шағымдарды қарауға қатысатын басшылары мен мамандары. |
Комитетке ұсыныстар жолданды. |
Мүдделер қақтығысының алдын алу; рәсімдік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету; шағымдарды қараудың объективтілігіне деген сенімді арттыру. |
Ескерту. 2025 жылғы талдау барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының фактілері мен жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Кестеде талдау нәтижесінде анықталған осал тұстар мен олардың алдын алу шаралары көрсетілген. Күтілетін нәтижелер нысаналы сипатқа ие.