Ұлытау облысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер субъектілерін лицензиялауға қатысты көрсеткіштер

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – АӘҚ) көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘҚ көрсететін субъектілерді лицензиялау енгізілді.

2026 жылғы  қазандағы жағдай бойынша Ұлытау облысында АӘҚ көрсететін 11 ұйым бар.

Барлық 11 ұйым лицензия алған ( қызмет алушылардың жалпы саны 1 302 адам), оның ішінде 7 КММ және 4 ҮЕҰ.

Гибридтік қызметтерді есепке алғанда берілген лицензиялар саны – 12, оның ішінде АӘҚ көрсету бойынша:

- жартылай стационар жағдайында АӘҚ көрсететін – 4 ұйым (94 адам);

- стационар жағдайында АӘҚ көрсететін – 1 ұйым (203 адам);

- уақытша болу жағдайында АӘҚ көрсететін – 1 ұйым (20 адам);

- үйде АӘҚ көрсететін – 5 ұйым (985 адам).

 

Дата публикации
06 октября 2026