Ал МӘС шешімімен келіспеген жағдайда не істеу керек?

Егер азамат алғашқы МӘС шешімімен келіспесе, ол МӘС бөлімінің шешімін қайта қарау туралы өтініш бере алады.

Өтініш МӘС әдіснама және бақылау бөліміне жолданады. Онда азаматтың ісі қайта қаралып, қабылданған шешімнің дұрыстығы бағаланады.

Егер азамат қайта қарау нәтижесімен де келіспесе, ол шешімге жоғары тұрған органға шағымдануға немесе сот тәртібімен даулауға құқылы.

 Яғни, МӘС шешімімен келіспеген азаматтың өз құқықтарын қорғаудың бірнеше заңды жолы бар.

Дата публикации
26 августа 2026