Азаматтардың Департаментке жүгінуі кезінде жиі қойылатын сұрақтардың бірі — мүгедектікті белгілеу тәртібіне қатысты.
Мүгедектікті қалай белгілеуге болады?
Ең алдымен, азамат өзі тіркелген емханаға жүгінеді. Егер медициналық көрсетілімдер болса, дәрігерлер қажетті тексерулерден өткізіп, тиісті құжаттарды дайындайды.
Одан кейін азамат медициналық-әлеуметтік сараптамаға, яғни МӘС-ке жіберіледі.
МӘС кезінде адамның денсаулық жағдайы ғана емес, оның күнделікті өміріне, өзіне-өзі қызмет көрсетуіне, жүріп-тұруына және еңбек етуіне қаншалықты әсер ететіні де бағаланады.
Кейбір жағдайларда МӘС сырттай, яғни азаматтың өзі келмей-ақ жүргізілуі мүмкін.