Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен 2026 жылдың 7 айында мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген 14 түрлі мемлекеттік қызмет бойынша 7614 қызмет көрсетілді, оның ішінде тағайындалғаны- 7409:
- жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау – 1105;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау – 1260;
- мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау – 296;
- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау – 99;
- арнайы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау –96;
- бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау – 1909;
- мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушысына, қамқоршысына (қорғаншысына) берілетін жәрдемақыны тағайындау – 102;
- І топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауға байланысты жәрдемақыны тағайындау – 95;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» I және II дәрежелі ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау – 88;
- көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны тағайындау – 339;
- жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау – 773;
- арнайы кәсіби мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау – 152;
- нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының инфляция деңгейін ескере отырып сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу – 1092;
- Семей сынақ ядролық полигоннан зардап шеккендерге біржолғы ақшалай өтемақы-3.
Тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданғандар- 205:
- жасына байланысты зейнетақы тағайындау- 2;
- көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны тағайындау- 4;
- бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау- 1;
- арнайы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау- 1;
- нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының инфляция деңгейін ескере отырып сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу- 197.