МӘС бөлімімен мамыр айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер

Сараптамалық жұмыс

 

2026 жылғы 01.05–31.05 аралығында барлығы 206 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: 52 адам алғаш рет куәландырылды, 122 адам қайта куәландырылды. Оңалтудың жеке бағдарламасын (ОЖБ) қалыптастыру – 8, ОЖБ түзету – 14.

 

Алғашқы куәландыру нәтижелері

 

2026 жылғы 01.05–31.05 аралығында алғаш рет мүгедектігі белгіленгендер саны 32 адамды құрады, оның ішінде  алғашқы куәландыру кезінде алғаш рет мүгедектігі белгіленгендер – 28 адам, қайта куәландыру кезінде алғаш рет мүгедектігі белгіленгендер – 4 адам.

Ересек тұрғындар арасында алғаш рет мүгедектігі белгіленгендер саны – 18 адам. 18 жасқа дейінгі балалар арасында алғашқы мүгедектік осы кезеңде 10 адамды құрады.

 

Ересек тұрғындар арасындағы нозологиялық нысандар бойынша алғашқы мүгедектік құрылымы (2026 жылғы мамыр айы)

 

 

Барлығы

қатерлі ісіктер

психикалық бұзылыстар

жүйке жүйесі аурулары

көз аурулары

қан айналымы жүйесінің аурулары

 тірек-қимыл аппараты аурулары

жарақаттар

оның ішінде өндірістік жарақаттар

Кәсіптік аурулар

Мамыр 2026

22

4

3

1

1

5

2

3

1

3

 

Ересек тұрғындар арасында алғашқы мүгедектік себептерін талдау көрсеткендей, мүгедектікке әкелетін негізгі аурулар:

 

* I орында – қан айналымы жүйесінің аурулары (5 адам);

* II орында – қатерлі ісіктер (4 адам).

 

Балалар арасындағы нозологиялық нысандар бойынша алғашқы мүгедектік құрылымы (2026 жылғы мамыр айы)

 

 

Барлығы

эндокриндік аурулар

психикалық бұзылыстар

жүйке жүйесі аурулары

Мамыр

2026

10

3

6

1

 

 

Балалар арасындағы алғашқы мүгедектік құрылымы көрсеткендей, мүгедектікке әкелетін негізгі аурулар:

-  I орында – психикалық бұзылыстар (6 бала);

-  II орында – эндокриндік аурулар (3 бала).

 

Қайта куәландыру нәтижелері

 

2026 жылғы 01.05–31.05 аралығында барлығы 122 адам қайта куәландырылды, оның ішінде 109 адам мүгедек деп танылды.

18 жасқа дейінгі балалар арасында:  қайта куәландырылғандар – 26 адам;

 «мүгедектігі бар бала», «I, II, III топтағы мүгедектігі бар бала» санаты бойынша танылғандар – 25 адам.

Ересек тұрғындар арасында: қайта куәландырылғандар – 96 адам; I, II және III топтағы мүгедек деп танылғандар – 84 адам

Дата публикации
09 июня 2026