
Туған күні: 23.11.1981 жыл
Туған жері: Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы
Тілдерді меңгеруі: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
Білімі, мамандығы (біліктілігі): заңгер.
О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, «Заңгер» мамандығы (1999–2003 жж.).
Еңбек өтілі:
«Дидар» Жезқазған телерадиохабар тарату ұйымының заңгері (2003–2005 жж.);
Сәтбаев қаласындағы Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың (МЗТО) бас маманы (2005–2010 жж.);
Сәтбаев қаласы әкімінің кеңесшісі (2010–2011 жж.);
Сәтбаев қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің заңгері (2011–2012 жж.);
Жезқазған бөлімшесінің бастығы (МЗТО) (2012–2015 жж.);
Астана қаласындағы МЗТО РМК филиалдарының қызметі жөніндегі департамент директоры (2015–2017 жж.);
Астана қаласындағы МЗТО дирекциясының қоғаммен байланыс және коммуникациялар басқармасының басшысы (2017–2019 жж.);
Астана қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ орталық аппаратының әлеуметтік-еңбек саласы бойынша байланыс орталығы басқармасының басшысы (2019–2020 жж.);
Зейнетақы аударымдары және бірыңғай жиынтық төлем мәселелері жөніндегі Жинақтаушы зейнетақы жүйесін және бірыңғай жиынтық төлемді әкімшілендіру басқармасының басшысы (2020–2022 жж.);
Ұлытау облысының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары (2022–2023 жж.);
Ұлытау облысы бойынша ӘҚСРБ департаментінің директоры (2023–2025 жж.);
Ұлытау облысы бойынша Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаменті басшысының орынбасары (2025 жылғы 1 шілдеден бастап).