GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Департамент туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Статистикалық көрсеткіштер
Changes and clarifications
Все материалы
Медициналық-әлеуметтік сараптама
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру
20 октября 2026
Үй жағдайында балаларды оңалту, ортездер жасау, оңалтуға арналған техникалық құралдарды таңдау және басқа да жобалар туралы kazto.kz сайтынан білуге болады
🇰🇿 Үй жағдайында балаларды оңалту, ортездер жасау, оңалтуға арналған техникалық құралдарды таңдау және басқа да жобалар туралы kazto.kz сайтынан білуге болады
Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының сайтындағы «Өзекті жобалар» бөлімінде оңалту мен әлеуметтік қызметтерді дамытуға бағытталған алты жоба ұсынылған.
Егер жобалардың бірі сізді қызықтырса, оның жеке парақшасына кіріп, толық ақпаратпен танысуыңызға болады. Жобаға қатысу шарттарын білу үшін кері байланыс формасын толтырыңыз. Ол жерге аты-жөніңізді, телефон нөміріңізді жазып, өтініш жіберу қажет. Орталық мамандары бұдан әрі не істеу керектігін түсіндіреді.
Кохлеарлық имплантациядан кейінгі балаларын оңалтуға жазғысы келетін ата-аналарға арналған жеке сауалнама да бар. Оны сайттың «Қызмет» → «Есту және сөйлеуді оңалту» → «Оңалтуға жазылу» бөлімінен табуға болады.
Бейнероликте қажетті жобаны қалай табуға және өтінішті қалай жіберуге болатынын қадам-қадамымен көрсетеміз.
Кері байланыс формасын жіберу мамандардан кеңес алуға мүмкіндік береді, бірақ жобаға міндетті түрде қатысасыз дегенді білдірмейді.
🔗 Толық ақпарат – kazto.kz сайтында.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube 
Медициналық-әлеуметтік сараптама
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру
20 октября 2026
КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӘДІЛДІКТІҢ НЕГІЗІ
🇰🇿 КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӘДІЛДІКТІҢ НЕГІЗІ
Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің негізгі заңы, қоғамдағы тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің маңызды кепілі.
Конституцияда азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары, міндеттері, сондай-ақ мемлекеттің құрылымы мен басқару қағидаттары айқындалады.
📌 Конституцияның маңызы неде?
🔹 Әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға негіз болады.
🔹 Заң үстемдігі мен әділдік қағидаттарын нығайтады.
🔹 Қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтауға ықпал етеді.
🔹 Азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды.
Конституцияны білу және құрметтеу – әрбір азаматтың құқықтық мәдениетінің көрінісі. Заңды сақтау, өз құқығын білу және өзгенің құқығын құрметтеу – дамыған қоғамның басты белгілері.
Конституцияны құрметтеу – ел болашағына деген жауапкершілік!
Медициналық-әлеуметтік сараптама
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру
20 октября 2026
Жұмыссыз қалу – адам өміріндегі күрделі кезеңдердің бірі. Мұндай жағдайда мемлекет тарапынан қандай қолдау шаралары көрсетілетінін білу маңызды.
🇰🇿 Жұмыссыз қалу – адам өміріндегі күрделі кезеңдердің бірі. Мұндай жағдайда мемлекет тарапынан қандай қолдау шаралары көрсетілетінін білу маңызды.
Қазақстанда азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылады. Олардың қатарында жұмыс іздеуге көмек көрсету, кәсіптік оқыту, субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру, сондай-ақ тиісті құқығы болған жағдайда жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау бар.
Алғашқы қадам – жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу. Мұны тұрғылықты жеріңіздегі Мансап орталығына жүгіну арқылы, электрондық үкімет порталы немесе Enbek.kz порталы арқылы жасауға болады.
Тіркелгеннен кейін Мансап орталығы азаматтың кәсібін, жұмыс тәжірибесін, біліктілігін, қалаған жалақы деңгейін және басқа да талаптарын ескере отырып, оған сәйкес келетін бос жұмыс орындарын ұсынады.
Егер әзірге лайықты жұмыс табылмаса, азамат жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларына жолданады. Олардың қатарында жаңа мамандық алу үшін кәсіптік оқудан өту, субсидияланатын жұмыс орындарына орналасу, сондай-ақ жұмысқа орналасуға мүмкіндік бар өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару қарастырылған.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан және тиісті құқығы бар азаматтарға жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем көзделген.
Төлем мөлшері азаматтың орташа айлық табысына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығына байланысты болады.
Қолдау шаралары бос жұмыс орнын ұсынумен ғана шектелмейді. Азамат жұмысқа орналасқаннан кейін де Мансап орталығы оның жұмыспен қамтылу жағдайын бақылауды жалғастырады. Негізгі мақсат – адамға жай ғана жұмыс тауып беру емес, оның тұрақты жұмыспен қамтылуына жағдай жасау.
Осылайша жаңа жұмысқа орналасу бірнеше кезеңнен тұрады: жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу, бос жұмыс орындарын іріктеу, қажет болған жағдайда қосымша қолдау шараларын алу және артынша жұмысқа орналасу.
▶️ Жұмыс іздеу жолындағы әр қадам мен мемлекет ұсынатын қолдау шараларын қалай пайдалануға болатыны жөнінде толығырақ бейнематериалдан біле аласыздар.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube 
Медициналық-әлеуметтік сараптама
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру
20 октября 2026
Жақын адамынан айырылу – кез келген отбасы үшін ауыр сынақ. Әсіресе қайтыс болған адам отбасының негізгі асыраушысы болып, отбасы табысының едәуір бөлігін қамтамасыз еткен жағдайда, оның салмағы одан әрі арта түседі. Осындай жағдайда отбасының өз күнкөрісін қамтамасыз ете алмайтын мүшелеріне мемлекет тарапынан асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер қарастырылған.
🇰🇿 Жақын адамынан айырылу – кез келген отбасы үшін ауыр сынақ. Әсіресе қайтыс болған адам отбасының негізгі асыраушысы болып, отбасы табысының едәуір бөлігін қамтамасыз еткен жағдайда, оның салмағы одан әрі арта түседі. Осындай жағдайда отбасының өз күнкөрісін қамтамасыз ете алмайтын мүшелеріне мемлекет тарапынан асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер қарастырылған.
Туа біткен мүгедектігі бар азаматтарға да жекелеген қолдау шаралары көрсетіледі. Атап айтқанда, оларға асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы мөлшерінде қосымша төлем белгіленеді. Бұл қосымша төлем кәмелет жасына толғанға дейін, ал оқуын жалғастырған жағдайда – оқу орнын аяқтағанға дейін, бірақ 23 жастан аспайтын мерзімге төленеді.
Белгіленген жасқа толғаннан немесе оқуын аяқтағаннан кейін аталған қосымша төлем заңнамаға сәйкес тоқтатылады. Алайда белгілі бір төлемнің тоқтатылуы мемлекеттік қолдаудың толық тоқтағанын білдірмейді.
Азаматтың жеке қажеттіліктеріне қарай заңнамада көзделген әлеуметтік қорғау шаралары одан әрі де көрсетіле береді. Олардың қатарында абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ұсынылатын оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтері бар.
Тұрақты күтімді қажет ететін азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер де көрсетіледі. Олар арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдарда да, үй жағдайында да көрсетілуі мүмкін.
Осылайша, әлеуметтік қорғау жүйесі азаматтың өмірлік жағдайын, денсаулық жағдайын және жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қолдаудың түрлі тетіктерін қарастырады.
▶️ Төлемдерді ұсыну тәртібі және әлеуметтік қолдаудың басқа да шаралары туралы толығырақ бейнематериалдан көріңіз.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Медициналық-әлеуметтік сараптама
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру
20 октября 2026
Әлеуметтік қолдау деңгейі тек отбасы құрамына қарай анықталмайды
Әлеуметтік қолдау деңгейі тек отбасы құрамына қарай анықталмайды
Екі отбасының құрамы мен бала саны бірдей болғанымен, олардың өмір сүру жағдайлары мен әл-ауқат деңгейі айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін.
Мысалыға екі отбасын алайық: әр отбасында екі ересек адам және төрт бала бар. Сырттай қарағанда, олардың отбасы құрамы бірдей. Алайда отбасының нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалау кезінде оның құрамы мен бала санынан бөлек, тұрғын үй жағдайы, жұмыспен қамтылуы, табысы, мүлкі және басқа да әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер ескеріледі.
Дидардың отбасы өз қажеттіліктерін өз бетінше қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тұрақты жағдайға ие. Отбасының жеке баспанасы, тұрақты жұмысы, қосымша активтері немесе жеке кәсібі болуы мүмкін. Көрсеткіштердің жиынтығы бойынша мұндай жағдай «А» санатына сәйкес келуі және әлеуметтік қолдауға қажеттілік деңгейінің төмен екенін көрсетуі мүмкін.
Ерланның отбасы да екі ересек адамнан және төрт баладан тұрады. Алайда оның әлеуметтік-экономикалық жағдайы өзгеше: отбасы шағын пәтерде тұрады, ересек мүшелері жалдамалы жұмыс істейді, отбасының мүлкі мен қаржылық ресурстары шектеулі. Жағдайды кешенді бағалау нәтижесінде мұндай көрсеткіштер «С» санатына сәйкес келуі және әлеуметтік қолдауға қажеттіліктің жоғарырақ екенін көрсетуі мүмкін.
Осылайша, отбасы мүшелерінің саны мен отбасы құрамы оның әлеуметтік-экономикалық жағдайын толық сипаттайтын жалғыз көрсеткіш болып табылмайды.
Кешенді тәсіл отбасының өмір сүру жағдайын объективті көрсеткіштердің жиынтығы негізінде бағалауға және оның әлеуметтік қолдауға деген қажеттілік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
▶️ Отбасының санаты қалай қалыптастырылады, қандай көрсеткіштер ескеріледі және мұндай тәсіл не үшін маңызды – толығырақ видеоматериалдан көріңіздер.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Медициналық-әлеуметтік сараптама
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру
20 октября 2026
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшысы Ерасыл Жұманбаев Бірыңғай цифрлық платформа аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшысы Ерасыл Жұманбаев Бірыңғай цифрлық платформа аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. 

Медициналық-әлеуметтік сараптама
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру
20 октября 2026
Олжас Бектенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша кеңес өткізді
Олжас Бектенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша кеңес өткізді
📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында мемлекеттік әлеуметтік көмектің шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көрсетілуіне, сондай-ақ кәсіпорындардың азаматтардың еңбек құқықтарын қатаң сақтауын қамтамасыз етуге және еңбек саласындағы тәуекелдердің алдын алуға бағытталған цифрлық шешімдерге назар аударылды.
«Мемлекет басшысы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жаппай цифрландыруды жүзеге асыру және жасанды интеллектіні кеңінен енгізуді тапсырды. Бұл әлеуметтік-еңбек саласы үшін, әсіресе жүргізіліп жатқан реформа аясында ерекше маңызды. Біз қолдау шараларының ашық есебін жүргізіп, олардың нақты түпкілікті нәтижесін бағалауды қамтамасыз етуіміз керек. Бұл – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басты міндеті»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев пен вице-министр Бахтияр Жазықпаев негізгі цифрлық шешімдерді таныстырды.
«Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде 30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйеден алынған, 20 млн-нан астам азамат пен 6,2 млн үй шаруашылығына қатысты деректер біріктірілген. Бағалаудың объективтілігін арттыру мақсатында деректерді жергілікті атқарушы органдар азаматтардың нақты тұрмыс жағдайын ескере отырып тексереді.
Олжас Бектенов өңірлердегі жағдаймен танысты. Бұған дейін өңір басшыларына «Отбасының цифрлық картасы» арқылы анықталған мұқтаж азаматтарға проактивті қолдау көрсету жұмыстарын күшейту тапсырылған болатын. Мұның аясында олардың жұмыспен қамтылуы мен білім алуына, жеңілдетілген несие рәсімдеу және өз кәсібін ашуға жағдай жасалуы тиіс. Осылайша, ұсынылып отырған қолдау шаралары азаматтардың тұрмыс сапасын одан әрі жақсартуға негіз қалауы тиіс. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижесінде 2025 жылы 480 355 мұқтаж отбасының өмір сүру жағдайы жақсарып, әл-ауқаты жоғары санатқа ауыстырылған. Ал 2026 жылдың басынан бері тағы 464 158 отбасы осы санатқа ауыстырылды.
Сонымен қатар әлеуметтік төлемдердің шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында оларды оңтайландыру жөніндегі реформаның жүзеге асырылу мәселелері қаралды. Әл-ауқаты жоғары азаматтарға қатысты әкімдіктермен бірлесіп, үй шаруашылықтары деректерін тексеру жұмыстары жүргізілді. Бұл санаттағы азаматтар үшін өзгерістер әлеуметтік жәрдемақылардың барлық 36 түрінің тек 14-іне қатысты болады. Қалған 22 түрі бойынша қолданыстағы төлем тетіктері өзгеріссіз сақталады. Көмекке мұқтаж азаматтар үшін мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тәртібі толық көлемде сақталатыны атап өтілді.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау
16 октября 2026
«Санаторийлік – курорттық емдеуді ұсыну қағидасы»
ТҮРКІСТАН: ТІКЕЛЕЙ ЭФИР!
 Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша депаратаментінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы Досжанов Марат «Санаторийлік – курорттық емдеуді ұсыну қағидасы» бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру
16 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай анықталады: C, D және E санаттарына қандай отбасылар жатады?
🇰🇿 Отбасының әл-ауқаты қалай анықталады: C, D және E санаттарына қандай отбасылар жатады?
Қазақстанда отбасының әлеуметтік жағдайын бағалағанда тек табысы ғана емес, басқа да көрсеткіштер ескеріледі. Мәселен, отбасы мүшелерінің жұмысы, баспанасының болуы, мүлкі, несиелері мен жинақтары назарға алынады.
C санатына табысы орташа, тұрмыс жағдайы қанағаттанарлық отбасылар жатады.
D санатындағы отбасылардың қаржылық жағдайы қиындау болады. Олардың табысы төмен, тұрақты жұмысы мен жеке баспанасы болмауы мүмкін. Сондай-ақ мерзімі өткен несиелері және отбасының материалдық жағдайына әсер ететін басқа да қиындықтары болуы мүмкін.
E санатына мемлекет тарапынан бірінші кезекте қолдау қажет отбасылар жатады. Әдетте, мұндай отбасыларда бірден бірнеше қиындық кездеседі. Мысалы, табысы кедейлік шегінен едәуір төмен болуы, тұрақты жұмысы, баспанасы, мүлкі мен жинағы болмауы, сондай-ақ мерзімі өткен несиелері болуы мүмкін.
Отбасының санаты бір ғана көрсеткішке қарап анықталмайтынын ескеру маңызды. Отбасының цифрлық картасы 50-ден астам өлшемшартты ескереді. Олардың қатарында табыс деңгейі, жұмыспен қамтылуы, тұрғын үй жағдайы, мүлкі, көлігі, несиелері, кәсібінің, жер учаскесінің және жеке қосалқы шаруашылығының болуы, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы бар.
Отбасының өмірлік жағдайы өзгерсе, оның санаты да қайта қаралуы мүмкін.
▶️ Қандай көрсеткіштер ескерілетіні туралы толығырақ бейнероликтен көре аласыздар.
🔗 Толығырақ
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube 
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру
16 октября 2026
Отбасының әл-ауқаты қалай анықталады: А және Б санаттары туралы түсіндірме
Отбасының әл-ауқаты қалай анықталады: А және Б санаттары туралы түсіндірме
Қазақстанда отбасылар мен үй шаруашылықтарының материалдық жағдайын бағалау кезінде олардың әл-ауқатын көрсететін бірнеше көрсеткіш ескеріледі.
А санатына әл-ауқаты жоғары отбасылар, ал Б санатына ауқатты отбасылар жатады.
Санатты анықтаған кезде отбасының табысы ғана емес, жылжымайтын мүлкі, көлігі, кәсібі, жер учаскелері және басқа да активтері ескеріледі.
Мысалы, А санатына әр отбасы мүшесіне шаққандағы табысы 7 күнкөріс минимумынан асатын, үлкен аумақты жылжымайтын мүлкі, люкс санатындағы көлігі, бизнесі және басқа да активтері бар отбасылар жатады.
Ал Б санатына әр адамға шаққандағы табысы 6-дан 7 күнкөріс минимумына дейінгі, жайлы баспанасы, премиум санатындағы көлігі, кәсіпкерлік қызметі және басқа да мүлкі бар отбасылар кіреді.
Алайда осы белгілердің біреуінің болуы отбасы автоматты түрде белгілі бір санатқа жатқызылады дегенді білдірмейді.
Отбасының әл-ауқаты Отбасының цифрлық картасы арқылы 50-ден астам өлшем негізінде бағаланады. Олардың қатарында табыс деңгейі, жұмыспен қамтылуы, мүлкі, несиелері және әлеуметтік жағдайы бар.
Сонымен қатар отбасының санаты тұрақты болып қалмайды. Өмірлік жағдайы өзгерсе, санаты да қайта қаралуы мүмкін.
▶️ А және Б санаттары қалай анықталатыны және қандай көрсеткіштер ескерілетіні туралы толығырақ бейнероликтен көре аласыздар.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы