ТҮРКІСТАН: БЕЙІМДЕЛГЕН НЫСАНДАРҒА ПОСТБАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі «Қолжетімділіктің интерактивтік картасы» порталындағы мәліметіне сәйкес 776 нысанның 655-і (84%) бейімделіп, Картаға жарияланды.
Бейімделген 655 нысанына Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментімен (әрі қарай - Департамент) постбақылау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 856 кемшіліктер анықталды:
- есту қабілеті бұзылған бойынша – 153 (18%);
- көру қабілеті бұзылған бойынша – 238 (28%);
- тірек-қимыл аппараты бұзылған бойынша – 83 (9%);
- кресло-арбамен жүретін бойынша – 382 (45%).
Нәтижесінде 655 нысанның 245 (37%) нысаны толық қолжетімді, 25 (4%) нысан ішінара қолжетімді және 385 (59%) нысан қолжетімсіз екені анықталды.
Қазіргі таңда Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мамандарымен Сайрам ауданында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімдері мамандарының қатысуымен 2023 жылға бекітілген нысандарға постбақылау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша мекеме басшыларына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп және оларды жою бойынша ұсыныстар берілді.