№2 МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САРАПТАМА БӨЛІМІ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

№2 МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САРАПТАМА БӨЛІМІ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
⚜️Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Р.Тұңғышбаевтың 2023 жылғы 03 сәуірдегі бұйрығымен Алиев Шерзод Бахтиярулы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің №2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі басшысы лауазымына ауысу тәртібімен тағайындалды.
Алиев Шерзод Бахтиярулы 1982 жылы 10 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2007 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген.
 
Еңбек жолын 2008 жылдан бастаған, 2015 жылдан бастап Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманынан бастап осы уақытқа дейін еңбек етіп келген.