ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
16.09.2022ж. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Тұңғышбаев Руслан Кәрібайұлы Сарыағаш ауданының «Аманат» партиясында қоғамдық қабылдау өткізіп, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Сарыағаш аудандық «Аманат» партиясының ғимаратында өткен қабылдауға біршама адам шағымын айтып келді.
Қоғамдық қабылдауға алғашқы болып мәселесін айтып келген А.Байсынбаева мүгедектікке шығу мәселесі 2-ші топтан, 3-ші топқа түсірілген, жұмысқа тұру алмай жүргендігін жеткізді. Тұрғынның мәселесін тыңдап, жұмыспен қамту орталығына барып тіркелу қажет екендігін жеткізілді.
Екінші болып Э.Шерғазиева есімді азаматша, мүгедектік тағайындалғанын, жалғызбасты әйел екендігін, кредитін төлеуге көмек беруді сұрады. Сарыағаш аудандық жұмыспен қамсыздандыру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы демеуші табылған жағдайда көмектесетіндігін айтты.
Үшінші болып, Н.Жасахова есімді азаматша қан қысымының бар екендігін мүгедектікке шығуға көмек сұрады. Аудандық орталық емхана меңгерушісі емделу қажеттігін, емделуге ықпал жасайтындығын жеткізді.
Г.Анаркулова Сарыағаш ауданың тұрғыны 1-ші топ мүгедегі қазіргі таңда хирург дәрігерлерінің көмегі қажет екенін сұрады. Емхана меңгерушісі дәрігерлерді дүйсенбі күні қарауға жіберетіндігін айтты.
Соңғы болып келген Р. Асембеков 63 жаста Өзбекстанан көшіп келген, зейнеткерлікке шығу мәселесі бойынша, архивтік анықтамасы негізге алынып зейнетақы төлемі тағайындалып, Өзбекстан Республикасына сұраныс хат жолданатындығын жеткізді.