ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
15.09.2022ж. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ruslan Tungyshbayev Сайрам ауданының «Аманат» партиясында қоғамдық қабылдау өткізіп, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Сайрам аудандық «Аманат» партиясының ғимаратында өткен қабылдауға біршама адам шағымын айтып келді.
Қабылдауға алғаш болып жазылған Сайрам ауданының тұрғыны, Н.Данаев 1 топ мүгедектігі мерсімсіз. Жұмыс істейді, бірақ зейнетақы жарналары аударылмайды. Себебі заңға сәйкес зкйнетақы жарнасы ұсталмайды. Болашақта зейнетке шығу үшін зейнетақы жарналары аударылуы қажет пе? Деген мәселе бойынша көмек сұрайды. Тұрғынның мәселесін тыңдаған департамент басшысы заңға сәйкес түсінік берді. Қолданыстағы заңға сәйкес, жұмыс берушіге өтініш жазып, өзінің зейнетақы жарналарын ұстап тұру туралы түсінік берді.
Қабылдауда болған Сайрам ауданының тұрғыны, Т.Керимжанов Соқырлар қоғамының төрағасы көтерген мәселесі портал бойынша болды. ИПР берген заттардың сапасыз екендігін айтты. 14 күн ішінде заттарды қайтаруға болатындығын түсіндірді. Сонымен қатар, Түркістан облысыжұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен біріге бұл мәелелер көтерілетінін жеткізді.
Екінші мәселесі, шипажай мәселесі Алматыда зағип жандарға арналған «Спутник» шипажайына бара алмай жатқандығын айтты. Департамент басшысы Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына тапсырма берді.
Қабылдауда болған Н.Хабибулла Қарасу емханасының төрағасы көтерген мәселе, науқас төсек тартып жатып қалған адамдар сырттай куәландыру кезінде мобильді азаматтар базасына тіркелуде қиыншылықтар туындап жатқандығын айтты. Орын алып жатқан мәселелер бойынша департаментке хатпен шығу ұсынылды.