Департамент басшысы Р.Тұңғышбаев Түркістан қалалық «Аманат» партиясында қоғамдық қабылдау өткізді

Департамент басшысы Р.Тұңғышбаев Түркістан қалалық «Аманат» партиясында қоғамдық қабылдау өткізді
ТҮРКІСТАН: АЗАМАТТАРДЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
 
14.09.2022ж. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ruslan TungyshbayevТүркістан қалалық «Аманат» партиясында қоғамдық қабылдау өткізіп, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Түркістан қалалық «Аманат» партиясының ғимаратында өткен қабылдауға біршама адам шағымын айтып келді.
 
Қабылдауға жазылған Түркістан қаласының тұрғыны, С.Мұқанова көп балалы ана күйеуі С.Исаевқа денсаулығына байланысты жұмыссыз, күйеуіне бірнеше рет ота жасалған соны мүгедектікке шығару мәселесі бойынша көмек сұрайды.Тұрғынның мәселесін тыңдаған департамент басшысы тиісті мекемелерге хабарласып, оңалту орталықтарына жатып, емделуге ықпал жасайтынын жеткізді.
 
Қабылдауда болған Түркістан қаласының тұрғыны, Д.Исмаилова қазіргі таңда анасы мен әпкесі анасы 90 жаста әпкесі 2 топтағы мүгедек Анасы әпкесіне қараушы жұмыссыз өзіде ота жасатуына байланысты жұмыс істей алмайды. Себебі, балаларына және зейнеткер анасына, мүгедектігі бар әпкесіне қарайтындықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ. Анасы мен әпкесіне көмек сұрап келген. Жергілікті әкімдікпен әлеуметтік салаға қатысты мекемелермен бірлесе бұм мәселенің шешілетіндігін жеткізді.