Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Р.Тұңғышбаевтың 2022 жылғы 8 маусымдағы бұйрығымен Канаева Сауле Рахымбердиқызы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі басшысы лауазымына ауысу тәртібімен тағайындалды.
Канаева Сауле Рахымбердиқызы 1975 жылы 10 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2003 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университетін және 2019 жылы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінде экономика мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту орталығында бас маманан бастап осы уақытқа дейін әлеуметтік салада еңбек етіп келеді.