МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
♻️Түркістан қаласындағы «Turkistan Arena» стадионында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды. 23 маусым - Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күніне орай Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері арасында 7 маусым мен 8 маусым күндері спартакиада аясында спорттың 7 түрінен бақ сынайды. «Turkistan Arena» стадионында өткен спартакиаданың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов сөз сөйлеп қатысушыларға сәттілік тіледі. Бүгін тоғызқұмалақ, қазақ күресі, үстел теннисі, бильярдтан өтеді.
📍 Ал 8 маусым күні спартакиаданың жалғасы бойынша шағын футбол, волейбол, жүзу өткізіледі.