
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің комитет төрағасының міндетін уақытша атқарушы Е.Абулхатиннің 2022 жылғы 30 мамырдағы бұйрығымен Жамахова Жанат Балабековна Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына ауысу тәртібімен тағайындалды.
Жамахова Жанат Балабековна 1966 жылы 3 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2003 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінің құқық және әлеуметтік қамтамасыз ету мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы Шымкент облыстық орталығының зейнетақы және төлеу инспекторынан бастап осы уақытқа дейін әлеуметтік салада 38 жылдан аса еңбек етіп келеді.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалі, Әлеуметтік саланың үздігі медалі, Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.