24.05.2022ж Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Отырар ауданында аудан тұрғындарымен зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап арттыру және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша кездесу, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
➤ Жиынға ҚР ЕХӘҚ министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Еримбетов Бақтыбек Алиакбарұлы, медициналық әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Архаров Марат Аманғалиұлы, Отырар ауданы әкімінің орынбасары Оралбай Ержан Асанұлы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Сандуғаш Тоқмурзина және жергілікті атқару органдарының өкілдері қатысты.