Арыс қаласында қала тұрғындарымен кездесу өтті

Арыс қаласында қала тұрғындарымен кездесу өтті
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Арыс қаласында қала тұрғындарымен зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап арттыру және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша кездесу, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
💥 Жиынға ҚР ЕХӘҚ министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Б.Еримбетов, медициналық әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы М.Архаров, Арыс қаласы әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Сандуғаш Тоқмурзина және жергілікті атқару органдарының өкілдері қатысты.
✅ Жиын барысында зейнетақы мен әлеуметті төлемдерді арттыру мен әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша баяндама жасалынып, келушілердің сұрақтарына жауап берілді.
📌 Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі