Төлеби ауданында аудан халқымен кездесу өтті

Төлеби ауданында аудан халқымен кездесу өтті
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен 2022 жылы 19 мамырда, Төлеби ауданында аудан тұрғындарымен зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап арттыру және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша кездесу өтті.
💥 Алғаш болып сөз сөйлеген Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Руслан Кәрібайұлы Тұңғышбаев 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақылар мен жәрдемақыларды көбейту тәртібін кеңінен түсіндіріп, аудан халқының сұрақтарына жауап берді.
🔹 Келесі мәселе бойынша, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Б.Ерімбетов әйел азаматтарының зейнетке шығу тәртібіне байланысты баяндама жасап, келушілердің сұрақтарына жауап берді.
🔹 Одан бөлек жиынға, МӘСҚ Түркістан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Д.К.Байрбеков, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының қызметкерлері, және жергілікті атқару органдарының өкілдері қатысып, сұрақтарға жауап берді.