Министрдің берілген хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында жүргізілген арттырулар мен әлеуметтік көмектер жөнінде өңірлерде түсініктеме жұмыстарын жүргізу бойынша бекітілген кестеге сәйкес Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Руслан Тұңғышбаевтың іс-сапары Түлкібас ауданында жалғасты.
➤Департамент басшысы аудан тұрғындарымен зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің а.ж 1 сәуірінен бастап арттырылғаны жөнінде атап өтіп, аудан халқының сұрақтарына жауап беріп,түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиын барысында зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Б.Ерімбетов әйел азаматтарының зейнетке шығу тәртібіне байланысты баяндама жасап, келушілердің сұрақтарына жауап берді.

Келесі мәселе бойынша, Түркістан облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалы директорының орынбасары Д.Байрбеков баяндама жасап, міндетті әлеуметтік сақтандыру жарналарын жүргізген жағдайда азаматтарға төленетін жәрдемақылар бойынша түсіндіріп өтті.

Жиын соңында Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы Г.Наурысбекова сөз алып, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына қатысты халыққа түсіндірме жұмысмтарын жүргізді.