ЗЕЙНЕТАҚЫЛАР МЕН ЖӘРДЕМАҚЫЛАРДЫ КӨБЕЙТУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Министрдің хаттамалық тапсырмасына және бекітілген кестеге сәйкес, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Қазығұрт ауданында өтті.
Аудан әкімінің мәжіліс залында өткен халықпен кездесуді аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов жүргізді.
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы М.Архаров сөз сөйлеп, қазіргі таңда зейнетақы және әлеуметтік төлемдердің арттырылуы аса маңызды екенін жеткізді.
Ал, баяндама жасаған зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Б.Ерімбетов 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап облыс көлемінде 649 453 адам әлеуметтік төлем алушылардың зейнетақылары мен жәрдемақылары көбейтілгенін және ағымдағы жылдың маусым айының төлеміне қосылып төленетінін түсіндіріп өтті.Бұл жалпы облыс халқының 3/1-ін құрайды.
Келесі мәселе бойынша, Түркістан облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалы директорының орынбасары Д.Байрбеков баяндама жасап, міндетті әлеуметтік сақтаныру жарналарын жүргізген жағдайда азаматтарға қандай әлеуметтік төлемдер төленетіні туралы толық ақпарат берді.
Ақпараттық-түсіндіру семинарының соңында аудан тұрғындары тарапынан зейнетақы, жәрдемақылар бойынша бірқатар сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауап берілді.