Департамент басшысы Р.Тұңғышбаев Сарыағаш ауданы халқымен кездесу өткізді

Департамент басшысы Р.Тұңғышбаев Сарыағаш ауданы халқымен кездесу өткізді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2022 жылғы 5 мамырда өткізілген жиналыста берілген хаттамалық тапсырмасын орындау барысында жүргізілген арттырулар мен әлеуметтік көмектер бойынша өңірлерде түсініктеме жұмыстарын жүргізу мақсатында бірлескен кестеге сәйкес, Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында а.ж. 18 мамырында аудан халқымен кездесу өткізілді.
✍ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Руслан Кәрібайұлы Тұңғышбаев кездесу барысында `2022 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақылар мен жәрдемақыларды көбейту` тәртібін кеңінен түсіндірді.
➰Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің көп деңгейлі моделі жөнінде №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлім басшысы Б.Ерімбетов баяндама жасап қазіргі уақытта үш деңгейден тұратын зейнетақы жүйесінің жұмыс істейтінін айтты. Сонымен бірге зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамалары туралы айтып өтті.
✎Келесі мәселе бойынша, Түркістан облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалы директорының орынбасары Д.Байрбеков баяндама жасап, осы қор арқылы тағайындалатын 6 әлеуметтік төлем туралы толық ақпарат берді.
✎Ал, соңғы баяндамашы Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы Е.Өткелбаев әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына қатысты хабарлама жасады.