
Департамент басшысы Руслан Тұңғышбаев Кентау қаласындағы инватакси қызметімен танысты. Кентау қаласындағы емханаға инватакси қызметімен күніне орта есеппен 28 адам тасымалданады. 2020 жылы 623 адамға 2 машина, 2021 жылы 1935 адамға 4 машина, 2022 жылдан бастап 657 адамға 3 машина Инватакси қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда 1499 адамнан инватакси қызметіне қосымша сұраныс түсуде.