
Халықпен байланысты нығайту, әлеуметтік қорғау салаларындағы өзгерістерді халыққа түсіндіру мақсатында департамент мамандары Созақ ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.Кездесуге ауданның 54 тұрғыны келді.Олар мүгедектікке өту мәселесі, атаулы әлеуметтік көмек алу жайында сауалдар жолдады.Мамандар тиісті деңгейде жауап берді. Мұндай кездесу 16-мамыр күні Жетісай және Мақтаарал ауданында өтеді.