Түркістан облысының бірқатар аудандарындағы Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлеріне техникалық сабақ өткізілді
Еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) басшысының тапсырмасына сәйкес а.ж. 11 – 15 сәуір аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының Атакент, Мырзакент, Жетісай, Асықата, Шардара, Келес, Сарыағаш аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлеріне техникалық сабақ өткізілді.
Техникалық сабақты Департаменттің № 3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Б.Ерімбетов пен № 1 Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы О.Оразов өткізді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды тағайындауда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.
Сонымен қатар, 2022 жылдың 1-тоқсанының нәтижелері бойынша зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды тағайындау барысында кері қайтарылған және тағайындаудан бас тартылған төлемдер талқыланып, алдағы уақытта жұмыс нәтижелерін жақсарту үшін нормативтік-құқықтық актілердің нормалары түсіндірілді.
Жиын соңында бөлім қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға заң аясында жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.