Түркістан облысының бірқатар аудандарындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қоғамдық қабылдау өткізілді
Еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменттің (бұдан әрі - Департамент) ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының Атакент, Мырзакент, Жетісай, Асықата, Шардара, Келес, Сарыағаш аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында а.ж. 11 – 15 сәуір аралығында қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қоғамдық қабылдауға Департаменттің № 3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Б.Ерімбетов пен № 1 Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы О.Оразов қатысты.
Аталған іс-шара қала тұрғындарының өтініштерін тыңдау және оларға зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылды.
Қоғамдық қабылдауға қатысқан тұлғалар тарапынан қойылған сұрақтарға заң аясында жауап беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.