Түркістан: № 7, 8, 9 Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің қызметкерлеріне Әдеп кодексін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Еңбек әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) Әдеп жөніндегі уәкілінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Б.Ерімбетов №7, 8, 9 Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мемлекеттік қызметшілеріне әдеп кодексін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, Әдеп кодексіне Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 22 ақпандағы № 814 Жарлығымен енгізілген өзгерістер бойынша айтып жаңа редакциясын таныстырып өтті.
Осы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі 6 - қағидатқа негізделген. Олар: 1) адал ниеттілік, 2) адалдық, 3) әділдік, 4) ашықтық, 5) сыпайылық, 6) клиентке бағдарлану. Мемлекеттік қызметшілер осы аталған қағидаттары ұстануы тиіс екені айтылды.