
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Р. Тұңғышбаевтың 05.01.2022 жылғы бекітілген кестесіне сәйкес МӘС әдіснама және бақылау бөлімі қала, аудандық МӘС бөлімдеріне әдістемелік көмек және бақылау жұмыстарын жүргізуге 12-14 сәуір күндері іс-сапарға Сарыағаш ауданы № 8 МӘС бөліміне 2022 жылдың МӘС Әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы - М.Архаров, МӘС Әдіснама және бақылау бөлімінің бас мамандары Л.Бермухамедова, Н.Серикбаеваның құрамында бақылау жұмыстарын жүргізді. Бақылау жүргізу барысында МӘС жүргізу заңдылықтарын қатаң сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп қана қоймай, 88 мүмкіндігі шектеулі Науқастардың диагноздары бойынша сәйкестік шараларын жүргізіп, әдістемелік көмек көрсетілді. Бақылау жұмыстарын жүргізу барысында медициналық құжаттар тексеріліп, анықталған кемшіліктерге сәйкес, жүргізілетін жұмыстың сапасын жақсарту мақсатында ұсыныстар берілді. Ұсыныстар бөлім қызметкерлеріне таныстырылып, тиісті шараларда қолданылатыны айтылды. Кемшіліктер бойынша ұсынылған ұсыныстармен жұмыстың нәтижелілігі бөлім басшысына тапсырылды. Алдағы уақытта жоғарыда аталған бақылау жұмыстарының ұсыныстары қабылданып, шығарылған қорытынды бойынша Сарыағаш ауданы № 8 МӘС бөлімі тиісті шаралар қабылдап, мүмкіндігі шектеулі науқастармен нәтижелі жұмысын жалғастырады, кемшіліктердің орнын толтырып, жауапкершілігі мол жұмыстар жүргізіледі.