№8 МӘС бөлімінің 2022 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстарының есебі

№8 МӘС бөлімінің 2022 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстарының есебі

Еңбек, Әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің № 8 медициналық-әлеуметтік сараптама​ бөлімі 2022 жылдың 1-тоқсанында негізгі базада 639 адамға мемлекеттік қызмет көрсетті. 125 тұлға алғаш куәландырылды, 476 мүмкіндігі шектеулі азамат қайта куәландырылды.​
- 123 тұлғаға ауру түрлеріне және​ асқынуларының дәрежелеріне байланысты бірінші, екінші, үшінші топ және мүгедек бала мүгедектігі тағайындалды.
​ - 2 тұлға негізсіз жолданған​, 476 мүмкіндігі шектеулі азаматтың 38-не ОЖБ​ түзетілген.​ ​ ​
- 23 жартылай оңалтылды, яғни 2 топтан 3 топқа түсірілді, 28 -і толық оңалтылды, 18- і ауру түрлеріне және асқынуына байланысты мүгедектік тобы күшейтілді, қалған 387-нің мүгедектік тобы тыныс-тіршілік ету қабілетінің​ айқын дәрежеде шектеуіне байланысты ұзартылды.
- 2022 жылға негізсіз жолданған 2 науқас бойынша талдау жүргізілді.
- 7 жасқа толған балалардың мүгедектік тобын белгілеу үшін МСЭ ге уақытылы жолдануы бақылауға алынды.​ ​
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау түсіндірме жұмыстары жүргізілді.​ ​ ​
- 2022 жылдың​ ​ 15-17 наурыз​ күндері​ Әдіснама және бақылау бөлімі​ бақылау жұмыстарын жүргізді. Бақылау жүргізу барысында МӘС жүргізу заңдылықтарын қатаң сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әдістемелік көмек және бақылау жұмыстарын жүргізу барсында медициналық құжаттар тексеріліп, анықталған кемшіліктерге сәйкес, сапасын жақсарту мақсатында ұсыныстар берілді. Күмән тудыратын мүмкіндігі шектеулі науқастар бақылауға алынды. Төрт мүмкіндігі шектеулі азамат кеңес ретінде көріліп тиісті қортынды қабылданды.