
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің әдіснама және бақылау бөлімі және № 9 медициналық-әлеуметтік сарапта бөлімі 07 cәуір 2022 жылы, Жетісай, Асыката, Мырзакент , Атакент аудандық орталық ауруханаларында ДКК төрағалары және мүшелерімен бірлесе отырып төмендегі мәселелер бойынша семинар өткізілді.
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 384, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2021 жылғы 25 маусымдағы № 304 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 204, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 29 маусымдағы « Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметті проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы» бірлескен бұйрығын жұмыста толық жүзеге асыру мәселесі.
2. № 9 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің Жетісай және Мақтаарал аудандарының 2022 жыл 1 тоқсанда атқарылған жұмыстарының қорытындысы туралы ақпарат.
3. ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» 22.01. 2015 жылғы № 26 бұйрығына сәйкес мүгедектерді оңалту іс шараларының әзірлеу және олардың жүзеге асырылу мәселелері.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуы тұралы .
5. Өзге де мәселелер қаралды.