
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің №7 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Абилдаев Бауыржан Ормантайұлы 2022 жылдың 29 наурызында Келес және Сарагаш аудандарына қарасты СӘТ телеарнасында «Сырттай куәландыру дегеніміз не?» атты тақырыпта телеарнаның тілшілеріне сұхбат берді.
Бәрімізге мәлім, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «проактивті сырттай куәландыру пилоттық жоба» арқылы мемлекеттік қызмет түрін ұсыну 2021 жылдың қазан айында басталған болатын. Мемлекеттік қызметтің бұл түрін ары қарай сапалы түрде дамыту, мүгедектер үшін куәландыруға қолайлы жағдай жасау біздің басты міндетіміз.