Төлемдерді Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы,
eGov.kz порталы немесе проактивті форматта рәсімдеуге болады. Мүгедектік белгіленгеннен кейін азаматқа жәрдемақы рәсімдеу туралы ұсыныс көрсетілген SMS хабарлама келуі мүмкін. Бұл жағдайда төлемді рәсімдеу үшін SMS хабарламаға жауап беріп, өз келісімін растау жеткілікті.