Қазақстанда ана мен баланы қолдауға бағытталған кешенді шаралар жүйесі қалыптасқан. Ол бала туған кездегі және бала күтіміне байланысты төлемдерді, көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға берілетін қолдауды, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көрсетілетін көмекті қамтиды.