
Қазақстанда оңалтудың техникалық құралдарын кейіннен қайтару шартымен уақытша тегін пайдалануға беру жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.
Жаңа тетік сұранысқа ие оңалту құралдарын тиімді пайдалануға және оларға мұқтаж азаматтардың күту уақытын қысқартуға бағытталған.
Осы сұрақтарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы мен қоғам белсендісі Богдан Джепканың «Сұрақ бар ма?» подкастының алғашқы шығарылымында ҰҒО-ның бас директоры Сырым Нәси жауап берді.
Подкаст барысында оңалту жүйесін одан әрі дамыту және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру перспективалары да талқыланды.