КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ МЫРЗАКЕНТ КЕНТІНДЕ ӨТКІЗІЛДІ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастырумен мобильді көшпелі қоғамдық қабылдау бүгін Мырзакент кентінде өткізілді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Б.Нұрмаханов түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.