КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫНДА ӨТКІЗІЛДІ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастырумен мобильді көшпелі қоғамдық қабылдау бүгін Жетісай қаласында өткізілді.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысы Б.Нұрмаханов түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.