ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ ЗИЯНДЫ ЖҰМЫСТАРМЕН АЙНАЛЫСАТЫН ЖҰМЫСКЕРЛЕР ҮШІН АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДІ ЕНГІЗУДІ ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
«…Үкімет зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген адамдарды әлеуметтік қолдау тетіктерін әзірледі.
… Жұмысшылардың осы саланы дамытуға сіңірген еңбегі және денсаулығына зиян келгені ескеріле отырып, оларға зейнет жасына толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем төленеді.» (Мемлекет басшысының 2023 жылғы
1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауынан)
Қойылған міндеттерді орындау үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру бойынша мынадай шаралар көзделген.
БІРІНШІДЕН, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарға арнайы әлеуметтік төлемдер енгізу.
БЖЗҚ деректері бойынша, аталған шарттарға сәйкес келетін азаматтар саны 2024 жылы – 37 097, 2025 жылы – 42 287, 2026 жылы – 47 182 адамды құрайды.
Арнаулы әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру төлемді ресімдеу сәтіндегі зиянды жағдайлардағы жұмысқа байланысты төрт не екі қаржыландыру көзінен жүзеге асырылатын болады.
Арнаулы әлеуметтік төлем ПРОАКТИВТІ түрде, яғни жұмыскерлердің өтінішінсіз тағайындалады және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ ресімдейтін төлем тапсырмасы негізінде БІРЫҢҒАЙ ТӨЛЕММЕН жұмыскердің банктегі шотына түседі.
Төлем мөлшері төрт көзден алынған жағдайда орта есеппен шамамен 208 мың теңгені құрайтын болады.
жұмыскер ЗЕЙНЕТКЕРЛІК ЖАСҚА ТОЛҒАНҒА ДЕЙІН арнаулы әлеуметтік төлемдер алады. Зейнетақы тағайындалғаннан кейін төлемдер тоқтатылады.
Арнаулы әлеуметтік төлемдер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерді қорғау құралдарының бірі болып табылады. Сондықтан ТӨЛЕМ АЛУШЫ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ ЗИЯНДЫ ЖҰМЫСтармен айналыса АЛМАЙДЫ.
Осылайша, егер адам төлем алу құқығын іске асырса және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарға орналастырылса, онда барлық көздерден төлемдер автоматты түрде тоқтатылады.
Арнаулы әлеуметтік төлем алу үшін ЖҰМЫСКЕР мынадай ҚЫЗМЕТ түрінің бірін ТАҢДАУҒА ТИІС:
1) жұмыс берушімен келісу бойынша сол кәсіпорындағы еңбек жағдайлары зиянды емес басқа жұмысқа ауысуды ресімдеу;
2) кәсіпорыннан тыс еңбек жағдайлары зиянды емес басқа жұмысқа өз бетінше орналасу;
3) еңбек қызметін жалғастырмау.
Көптеген елдерде еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарды қорғаудың ұқсас схемалары қолданылады, бұл өте кең таралған тәжірибе.
Жұмыстан босатылған жағдайда 55 жастан асқан жұмыскер жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мынадай шараларына да қатыса алады:
1) «ENBEK» электрондық еңбек биржасындағы бос жұмыс орындарына өз бетінше жұмысқа орналасу.
Жұмыс іздеуші жеке кабинеттерде түйіндеме жасайды, жұмыс іздеуді жүзеге асырады. Порталда әртүрлі критерийлер бойынша, оның ішінде халықтың әртүрлі нысаналы топтары үшін қолжетімді бос орындарды кеңейтілген іздеу мүмкіндігі бар. Түйіндемеде көрсетілген мамандық пен дағдылар бойынша бос жұмыс орындарын автоматты түрде таңдау мүмкіндігі бар. Жеке кабинет арқылы жұмыс іздеушілер бос жұмыс орындарына жауаптар жібереді, жұмыс берушілерден әңгімелесуге шақырулар және жұмысқа орналасу туралы шешімдер алады.
2) «Күміс жас» жобасына жұмысқа орналасу.
Жоба зейнеталды жастағы адамдарды зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына орналастыруды көздейді.
50 жастан асқан жұмыссыз адамдар Жобаға қатысушылар болып табылады, қатысу ұзақтығы – 36 айдан аспайды. Қатысушылардың жалақысын мемлекет бюджет қаражаты есебінен субсидиялайды.
Орындалатын жұмыстың көлемі мен күрделілігіне байланысты жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақылар белгілейді.
Жобаға қатысу аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыскерді зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орнына орналастырады.
Ағымдағы жылы жоба аясында шамамен 14,3 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. 2023 жылғы 1 қарашаға жоба шеңберінде 14,5 мың адам немесе жылдық жоспардың 101 %-ы жұмысқа орналастырылды.
3) жас мамандарға тәлімгерлерді бекіту арқылы жастарды жұмысқа орналастыруды көздейтін «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысу. Бұл жобада жұмыс тәжірибесі бар жұмысшылар өздерінің білімдері мен дағдыларын жас мамандарға береді.
ЕКІНШІДЕН, жұмыскерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру көзделеді.
Өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардың қаражаты есебінен АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУҒА жұмыс берушілерге төленген сақтандыру сыйлықақысының 6 %-ы бағытталатын болады.
Алдын алу шаралары жұмыскерлердің денсаулығына зиян келтірмеуге және қаза табуына жол бермеуге бағытталған және мыналарды қамтиды:
- жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде оқыту және олардың біліктілігін арттыру;
- кәсіби тәуекелдерге бағалау жүргізу;
- медициналық тексерулер жүргізу;
- еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі кабинеттерді жарақтандыру (стендтер, әдістемелік және көрнекі материалдар сатып алу);
- нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу және т. б.
ОҢАЛТУ ШАРАЛАРЫНА (ТМККБК және МӘМС көзделмеген) жұмыс берушілер төлеген сақтандыру сыйлықақысының шамамен 6 %-ына дейін қаражат бөлінетін болады, олар мыналарды қамтиты:
- қалпына келтіру және реконструктивті терапия (ортодонтия, имплантация, бетті қалпына келтіру және т. б.);
- әлеуметтік-психологиялық оңалту (психологиялық түзетуді, қолдау мен көмекті ұйымдастыру);
- кәсіптік және еңбекті оңалту (жаңа еңбек және кәсіптік дағдыларды қалыптастыру немесе жоғалтқан еңбек және кәсіптік дағдыларды қалпына келтіру).
Жұмыскерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен БАСТАПҚЫ АЙЫРЫЛУ белгіленген кезде САНАТОРИЙ-КУРОРТТЫҚ ЕМДЕУГЕ ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫНДАРДЫ ӨТЕУГЕ өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардың 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде қаражаты жіберілетін болады.
Белгіленген мөлшерден (100 АЕК) асып кеткен жағдайда, айырманы жұмыскер төлейтін болады.
ҮШІНШІДЕН, зардап шеккен жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауды күшейту мақсатында мыналар көзделеді:
Жалпы, қабылданып жатқан шаралар кешені ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЗИЯНДЫ ӨНДІРІСТІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІНЕН ШЫҒУЫН ЫНТАЛАНДЫРУҒА ЖӘНЕ ЕЛДІҢ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН ҮНЕМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН.