«2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы жобасына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге мөлшерінде;
Ең төменгі зейнетақы - 57 853 теңге;
Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) - 43 407 теңге;
Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге.
Мәселен, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 65 пайызы (60 пайыздың орнына) мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырылады, бірақ ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 105 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.
Бұл жаңа тағайындалған зейнеткерлерге және 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетке шыққандарғада қатысты.
Бұдан басқа Кодексінің 85-бабының 2-тармағына сәйкес ала күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері осы Кодекстің 76-бабына сәйкес ұсталуға жататын міндетті зейнетақы жарналарын қосымша есептей отырып, осы Кодекстің 82-бабына сәйкес бала туу кезектілігіне қарай белгіленген бала күтіміне байланысты жәрдемақының мөлшерінен кем болмады.
Осыған байланысты, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері міндетті зейнетақы жарналарының қосымша есептелуін ескере отырып, бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақының мөлшерінен кем болады.
№1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар,
жерлеуге біржолғы төлем,
бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы,
ай сайынғы бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы,
ай сайынғы бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау,
Кодексінің 190-бабының 3-тармағының 1)-17) тармақтарында қарастырылған арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар,
бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы,
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы,
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға және жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына тағайндалған, бірақ төленбеген бірреттік ақшалай өтемақы.